Желіде көпшіліктің арасында "Нұрлан имам" атымен танымал Нұрлан Байжігітұлы елордалық дәрігерлерге көмектескен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атап айтқанда, халыққа қан тапсырып, донор болудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына қол ұшын созуға келіскен.
Тұрғындар арасында кейде діни түсінікке байланысты қан доноры болуда мәселелер туындайтыны жасырын емес. Осы тұрғыда бізге Нұрлан имам көмектесуге келісті. Қан тапсыру – сауапты іс екендігін түсіндіріп, ақпараттық қолдау көрсетті. Ертең елордадағы Ырыскелді қажы мешітінде "Донор күнін" ұйымдастырып жатырмыз. Қала тұрғындары мен қонақтары жұма намазы кезінде келіп, қан тапсыруға болады, - деді Сәния Әбдірахманова.
Еске салайық, бұған дейін жыл сайын 200 мыңнан астам қазақстандық қан доноры болатыны туралы жазған едік.
Оқи отырыңыз: