"Халық үрейге берілген жоқ". Министр Алматыдағы жер сілкінісі туралы

5 Наурыз 2024, 10:38
468
Бөлісу:
"Халық үрейге берілген жоқ". Министр Алматыдағы жер сілкінісі туралы
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов алматылықтар жер сілкінісі кезінде үрейге бой алдырмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтардың арасында үрей болдырмау үшін жер сілкінісі туралы және одан әрі халықтың әрекеттері бойынша хабардар етуді бастады. Сөйлеу дабылы, сирена және жергілікті объектілер жүйесі тартылып, телерадио каналдары арқылы жеткіздік. Республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, 386 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды. Тәулік бойы жедел желі жұмыс істеп тұр. Кеше қабылдау қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты. Оның ішінде 906 бала бар. Әкімдіктер қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеруді жалғастырып жатыр, — деді веломство басшысы.

Сондай-ақ Әрінов министрліктің әуе кемесі арқылы сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізіп жатқанын айтады.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бүкіл тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Жер сілкінісі кез келген төтенше жағдай сияқты алдын ала болжау мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезекті әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. 20 ақпаннан бастап Алматыда азаматтарды төтенше жағдайларға дайындау үшін министрліктің бастықтары қатарынан жедел топ жұмыс істеуде. Осы қысқа мерзім ішінде жер сілкінісі кезінде азаматтардың іс-қимылы туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ол өз нәтижесін көрсетті, - деді Шыңғыс Әрінов. 

Оның айтуынша, бұл жолы халықтың көбі үрейге берілген жоқ.

Жедел топ 8 мыңға жуық ауланы аралап, білім беру нысандарында 650-ден астам сабақ өткізді және адамдар көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстары мен ескерпелер таратты. Кеше менің бұйрығыммен халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін қосымша Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметшілер жіберілді. Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты, — деді Төтенше жағдайлар министрі.

Өзгелердің жаңалығы