«Халық» қоры Алматыда 700 спортшының басын қосқан каратэден халықаралық турнирді қолдады

25 Желтоқсан 2023, 15:52
587
Бөлісу:
«Халық» қоры Алматыда 700 спортшының басын қосқан каратэден халықаралық турнирді қолдады
PHOTO
Фото: «Халық» қоры

Өткен демалыс күндері Алматы шығыс жекпе-жек өнерінің ошағына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде екі күн қатарынан балалар мен жасөспірімдер арасындағы барлық стильдегі каратэден халықаралық «Bel-Bilek» турнирі өтті.

«Халық» қоры Алматыда 700 спортшының басын қосқан каратэден халықаралық турнирді қолдады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарысқа 7 мемлекеттен 5-17 жас аралығындағы 700-ден астам спортшы қатысты.

Татамиде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Иран, Әзербайжан мемлекеттерінің және Алматы, Астана қаласы, Алматы, Абай, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының спортшылары бақ сынады.

«Қазақстанның барлық стилдегі каратэ Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

«Халық» қоры Алматыда 700 спортшының басын қосқан каратэден халықаралық турнирді қолдады

«Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов балаларды тәртіп пен табандылыққа спорт арқылы ынталандырудың рөлі зор екенін атап өтті.

Балалар спортын қолдау аса маңызды. Балаларымыздың бүгінгі алғашқы қадамдары ертең үлкен жеңістерге алып келетініне сенеміз. Бұндай шаралар арқылы Қазақстанды әлемдік аренада танытатын жаңа ұрпақты дайындаймыз. «Халық» қайырымдылық қоры – елдің дамуына үлес қосатын жобаларға, әсіресе білім, спорт, халықтың әлеуметтік саулығына қолдау көрсетуге басымдық береді, – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Қазақстанның барлық стилдегі каратэ Федерациясының атқарушы директоры Талғар Ахмадиев бұндай шаралардың жастардың қызығушылығын оятып, оларды бірлікке, ынтымаққа, кәсіби бәсекелестікке тәрбиелейтініне ерекше тоқталып, бұл жерде «Халық» қайырымдылық қоры спортты дамыту мен жастарды қолдауда негізгі рөл атқарып жүргенін жеткізді.

«Халық» қоры Алматыда 700 спортшының басын қосқан каратэден халықаралық турнирді қолдады

Жарысқа қатысушылардың барлығына лайықты сый-сияпат көрсетілді.

Турнир қорытындысымен барлық жас топтарындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік кубоктармен және медальдармен марапатталып, жаттықтырушыларға сыйлықтар табыс етілді.

«Халық» қоры Алматыда 700 спортшының басын қосқан каратэден халықаралық турнирді қолдады

Айта кету керек, «Халық» қайырымдылық қоры білім, спорт саласындағы жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Осыған дейін #Ауылфутбол жобасы аясында республика көлеміндегі ауылдық елді мекендердің 100 балалар футбол командасын қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды, 100 жаттықтырушының UEFA-ның D санаты бойынша біліктілігін көтеруді, облыстық турнирлер өткізуді көздейтін ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жобаның бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры. Бұл жұмыстар басталды. Кезең кезеңімен жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, «Халық» қоры 2024 жылы Маңғыстау облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салдуды жоспарлауда.

Өзгелердің жаңалығы