Байқоңыр аудандық әкімдігі 2024 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдер қабылдауды бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғыны өз ұсыныстарын жібере алады. Егер сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын болады, - деді Байқоңыр аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігінің www.baikonyr-astana.kz ресми интернет-ресурсына жіберуге болады.
Ол үшін өтінімді толтырып, жобаның сұлбасы мен сметасын, қазіргі жағдайын көрсететін фотосуреттерді және презентацияны тіркеу қажет. Жобаның ережелері, типтік жобалық ұсыныс, іс-шаралар мерзімі, сараптамалық кеңестің құрамы көрсетіледі.
Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады. «Астана қаласы «Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.