Халықаралық валюта қоры әлемнің 24 елнің қарызын кешіреді

12 Қазан 2021, 22:35
18859
Бөлісу:
Халықаралық валюта қоры әлемнің 24 елнің қарызын кешіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Халықаралық валюта қорына қарызы 12,6 млн долларға азаяды. Бұл туралы Қырғызстанның экономика және қаржы министрлігі хабарлады.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі табысы аз 24 елдің қарызын кешіру жөнінде шешім қабылдады. Ол елдердің арасында Қырғызстан да бар.

Қарыздың кешірілуі қаражатты денсаулық сақтау саласы мен экономикаға бұруға мүмкіндік береді, - делінген министрлік мәліметінде.

Мұның алдында Қырғызстанның Қытай экспорт және импорт банкіне қарызын өтеу мерзімін созу туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған. 51,1 млн долларды алты жылға 2 пайыздық өсіммен бөліп төлеу ұсынылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы биыл 416 млрд сомнан (4 млрд 921 млн доллар) асқан, соның 85 пайызы - сыртқы қарыз.

Өзгелердің жаңалығы