Халықаралық дзюдо федерациясы 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жариялады

7 Қаңтар 2021, 17:08
1596
Бөлісу:
Халықаралық дзюдо федерациясы 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2021 жылға арналған жарыс күнтізбесін бекітті. 

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

11-13 қаңтарда Катар астанасы Дохада Masters турнирі өтеді. 18-20 ақпан күндері Тель-Авив «Үлкен Дулыға» бәсекесін қабылдайды. Аталған сында әрбір салмақтағы жеңімпаздар 1000 ұпай алатынын айта кету керек.  

Наурыз және сәуір айлары да жарысқа толы болмақ. 5-7 наурыз күндері Ташкентте «Үлкен Дулыға» турнирі өтсе, 26-28 наурызда Тбилиси татамиінде кезекті жеңімпаздар анықталады. «Үлкен Дулыға» бәсекесінің тағы бір кезеңін 1-3 сәуір аралығында Түркия қабылдайды. 

 8-9 мамырда әлемнің үздік дзюдошылары Париж төріне жиналады. 6-13 маусым күндері Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додада 14 салмақ және 1 аралас командалық сын жеңімпаздары белгілі болмақ.  Ал жылдың басты оқиғасы шілденің аяғында өтетін Токиодағы Олимпиада ойындары.

Өзгелердің жаңалығы