Халықаралық байқаушылар сайлауға оң баға берді

11 Қаңтар 2021, 18:35
1998
Бөлісу:
Халықаралық байқаушылар сайлауға оң баға берді
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы Hilton Garden Inn қонақ үйінде халықаралық байқаушылардың баспасөз конференциясы өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) байқаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауын демократиялық деп таныды. ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу миссия өткен сайлауды еркін, әділ, сенімді және демократиялық деп таныды. Сайлаудың заңдылығы күмән тудырмайтынын айтты.

РФ мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Умахан Умаханов сайлау учаскелердің бірде біреуінде бұзушылық фактілері орын алмағанын жеткізді. 

ҚР СІМ бірлесе ұйымдастырған тәуелсіз халықаралық байқаушылармен өткен баспасөз конференциясында ТҮРКПА-ның миссиясын Құқықтық істер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Исмет Учма келесі сайлауда учаскелердің санын көбейтуді ұсынды.

Сонымен қатар, ТМД байқаушысы Максим Григорьев сайлау процесінің талапқа сай өтуін қамтамасыз еткен 20 мыңға жуық ішкі байқаушының жұмысына оң бағасын берді.

Өзгелердің жаңалығы