Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек еліміздегі сайлаудың әділ өткенін айтады.
Халық жақсылықты ешқашан ұмытпайды. Nur Otan партиясының пандемия кезінде көрсеткен қамқорлығы ел есінде қалғаны сөзсіз. Өз басым Елбасы партиясына зор үміт, үлкен мақсатпен мүшелікке өткем. Қандастар тағдырына қатысты біраз мәселе шешілді. Шешім күтіп тұрған түйіндер әлі де жетерлік... Сондықтан, Nur Otan партиясының бір қомақты қолдаушысы осы Елбасы саясатының арқасында Отанына оралған қандастарымыз болды деп ойлаймын, – дейді ол.
Сондай-ақ, ол енді елімізде байсалды реформалар жүргізіле бастайтынын айтады.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып келеді. Кеше тағы қайталап айтты. Мен аталған реформаның елімізге зор өзгерістер әкеліп, тарихқа «Тоқаев реформасы» деген атпен қалуын тілеймін, – дейді Ауыт Мұқибек.