Халық санағы-2021. Павлодар тұрғындарының 98 пайыздан астамы санақтан өтті

30 Қазан 2021, 20:03
228541
Бөлісу:
Халық санағы-2021. Павлодар тұрғындарының 98 пайыздан астамы санақтан өтті

Жалпы облыс бойынша 29 қазанда облыстың 735 мыңнан астам тұрғыны немесе жалпы халық санының 98,1%-ы санақтан өтті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өңірлік статистика департаментінің мәліметінше, бүгінгі күні облыс халқының шамамен 45%-ы интернет-сауалнаманы пайдаланды, бұл – 340 мың адам. Онлайн сауалнамамен қатар статистика органдарының өкілдері сұхбат алушылармен үй-үйді аралап шығуда.

Үшінші ұлттық халық санағының аяқталуына жақын қалды. Бұл іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – маңызы зор мерейтойлық жылымен тығыз байланысты. Биыл жүргізілген санақтың басты айырмашылығы – жаңа IT-технологияларды пайдалану болып табылады. Әрбір қазақстандық санақ парақтарын Sanaq.gov.kz порталында электронды түрде өздігінен толтыра алады. Өзі үшін де, туыстары үшін де санақтан өтуге болады, - дейді департаментте.

Халық, балабақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік объектілер туралы статистикалық ақпарат неғұрлым дәл болса, экономикалық жоспарлау және барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру соғұрлым тиімді болады.

Статистика департаменті санақтан әлі өтіп үлгермегендер үшін бірегей мүмкіндікті пайдаланып, өңіріміздің одан әрі дамуына өз үлестерін қосуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы