Халқымыз үшін Президент төзімділіктің үлгісіне айналды – Жұмырбаев 

10 Қаңтар 2022, 16:49
1469
Бөлісу:
Халқымыз үшін Президент төзімділіктің үлгісіне айналды – Жұмырбаев 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  «Ассамблея жастары» РҚҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдады. 

Мемлекет өзінің тұрақтылығы мен тұтастығына нұқсан келтіріп, адамгершілікке жатпайтын шабуылдарға тап болды. Лаңкестік салдарынан адамдар қаза тапты, құрбан болғандардың көбі өте жас жігіттер екені өте қорқынышты. Оңтүстіктегі мегаполисіміз Алматы қаласы ең ауыр соққыны алды. Жастардың қылмыстық әрекеттерге тартылғаны өкінішті. Бүлікшілер есірткі, арақ-шарап, жеңіл ақша мен ойдан шығарылған «ұрандармен» өз халқына қарсы қылмыс жасады. Мұндай кезде адамдық қасиетіміздің жоғалуына жол бере алмаймыз, - деді Жұмырбаев.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінде қазақстандықтар бір-біріне көмек қолын созып жатыр. 

Еріктілер байланысын жоғалтқандарды іздеуге, бақылау-өткізу бекеттерінде тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлерге тамақ дайындауға, үйінен шыға алмайтын адамдарға азық-түлік сатып алуға көмектесіп жатыр. «Ассамблея жастары» белсенділері волонтерлік бастамаларға қосылды, біздің жігіттер қан тапсырып, волонтерлерге көмектесіп жатыр. Алматыда және басқа да аймақтарда антитеррорлық операция  аяқталған соң біз де қалпына келтіру жұмыстарына, ерікті бастамаларға қатысуды жоспарлап отырмыз, - дейді ол. 

Тимур Жұмырбаев атағандай, осындай қиын жағдайда қалған қазақстандықтар үшін ел Президенті төзімділіктің үлгісіне айналды. 

Расында, президенттік институт азаматтарымыздың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепіліне айналды. Мемлекет басшысының  күндіз-түні жұмыста болып, халыққа үндеуін айтып, шұғыл шаралар қабылдап жатқанын көріп жүрміз. Қазіргі жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс шешім қабылдады, бұл елдегі жағдайды қысқа мерзімде тұрақтандыруға мүмкіндік берді. ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерін енгізу Қазақстанға төніп тұрған террористік қауіпке жауап болып есептеледі. Әскерлер ұрыс қимылдарына қатыспайды және бұл шаралар қазақстандық әскери күштерді босатуға және Алматы қаласындағы қантөгісті тоқтатуға мүмкіндік бергенін түсінеміз, - дейді ол. 

Жұмырбаевтың айтуынша, қазір алыпсатарлық пен канспирологиялық нұсқалардың уақыты емес. 

Президент Конституцияның кепілі болып табылады, сондықтан оның барлық іс-әрекеті бұл мәселені тезірек шешуге бағытталған. Біздің өмірімізге тыныштықты қалпына келтіру үшін жартылай шаралардың болуы мүмкін емес, Президент өте дұрыс қадам жасады. Бұл бейбітшілік пен тұрақтылықтың бүгін қайта оралуы үшін ғана емес, болашақта оларға қауіп төндірмеу үшін де жасалып отыр. Мұны біз, жас қазақстандықтар үшін түсіну ерекше маңызды, - дейді ол. 

Жұмырбаевтың айтуынша, Қазақстан – бәріміз үшін ортақ үй, біз оның болашағына бірдей алаңдаймыз және біздің барлық талпынысымыз Отанымызды қорғауға бағытталған. 

Сондықтан азаматтық сана-сезімімізді танытып, Президенттің төңірегіне топтасып, оның шешімдерін қолдап, лаңкестікке қарсы іс-шаралар жүргізіп жатқан әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекетіне кедергі жасамайық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы