Халед Акаше: Діндер лидерлерінің VII Съезін асыға күтеміз

6 Қазан 2021, 13:29
2544
Бөлісу:
Халед Акаше: Діндер лидерлерінің VII Съезін асыға күтеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысында Ватиканның Дінаралық диалог бойынша Папалық кеңесінің Ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор Халед Акаше Елбасы мен Президенттің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалады.

Бұл кеңеске қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Отырысқа қатысушылармен қауышқаныма қуаныштымын. Сондай-ақ отырыс арқасында құзырлы органдарға біздің өтініштеріміз, ойларымыз жетеді деп ойлаймын. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мырзаға және съезд хатшылығының лидеріне сенімі үшін алғысымды білдіремін, - деді монсеньор Хатшылықтың отырысында.

Ол пандемия кезінде ауырып қалған, жапа шеккен адамдарға өз дұғаларын бағыштайтынын айтты.

Пандемия уақытында өз өмірлерін басқалар үшін қиып, ерлік көрсеткен адамдарға алғыс белдіргім келеді. Сондай-ақ азаматтық ұйымдарға да рахмет айтамын. Біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін асыға күтеміз. Жоғары мәртебелі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа съезді өткізуге жұмсаған күш-жігеріне және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығымды білдіремін. Осы жұмысты ұйымдастырудағы еңбектерін бағалаймыз, - деді Халед Акаше.

Өзгелердің жаңалығы