Ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге тың серпін бере алмай отыр - Президент

12 Сәуір 2023, 15:09
716
Бөлісу:
Ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге тың серпін бере алмай отыр - Президент

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем қауымдастығы бірлесіп шешімін табуға тиіс аса күрделі мәселелер бар. Жаһандық жылыну үдерісін бәсеңдету, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және індеттің салдарын жою айрықша маңызды. Бір сөзбен айтсақ, заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе, өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Яғни, ғылыми дамудың соңында қалмай, осы прогресті анықтайтын мемлекеттердің қатарында болу – негізгі міндет. Бәлкім, бұл міндет тым күрделі көрінер. Бірақ біз алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек. Оған еліміздің ғылыми әлеуеті жетеді. Бұл міндеттің оңай емес екенін түсінемін. Алайда біз оны сөзсіз орындауға тырысуымыз қажет. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, - деді ол.

Ол ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отырғанын айтты.

Елімізде мықты ғылыми мектеп бар. Білікті ғалымдарымыз да көп. Мемлекет тарапынан ғылымға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы жылдары бұл салада біршама өзгеріс болды. Ғылымды қаржыландыру тәсілдері жақсарды, қаржы көлемі едәуір артты. Ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өткен мамандар саны көбейіп келеді. Докторанттарды даярлауға және ғылыми жұмыспен айналысуға бөлінетін грант саны артты. Жалпы, жастардың ғылымға деген қызығушылығы ояна бастады. Бірақ мұның бәрі жеткіліксіз. Ашығын айтсақ, ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы