Ғұсман Қырғызбаевқа көлік тарту етілді

Бөлісу:
Ғұсман Қырғызбаевқа көлік тарту етілді
VIDEO
Фото: автордан

Спортшы Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан болып қайтқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев барша қазақ еліне алғысын білдірді.

Ғұсман Қырғызбаевқа көлік тарту етілді

Маған қолдау білдірген Қазақ еліне алғысымды айтамын.  Мен Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан шенінде оралдым. Жарысқа әрбір спортшы алтын аламын деп шығады. Мен барымды салдым. Күтпеген жерден қола медальға ие болдық. Негізінде финалға жолдама алатын кезде бразилиялық балуанды жеңемін деп отырған едім. Қолаға да қанағат деп отырмыз. Алдағы уақытта спортпен айналысып, жаттығуларымды жалғастырамын. Додаларға қатысып, жарыстарда көріну ойда бар. Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын,- деді дзюдошы.

Ғұсман Қырғызбаевқа көлік тарту етілді
Ғұсман Қырғызбаевқа көлік тарту етілді

Халықаралық Алматы әуежайының алдында спортшы Ғұсман Қырғызбаевқа Дзюдо федерациясы көлік сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы