Гүлзира Айдарбекова келіндеріне неге хабарласпай жүргенін түсіндірді

29 Қаңтар 2024, 20:33
2085
Бөлісу:
Гүлзира Айдарбекова келіндеріне неге хабарласпай жүргенін түсіндірді
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова қазір келіндерімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртастың анасы әлеуметтік желіде екі келінімен түскен суретін жариялап, оларды себепсіз мазаламайтынын жеткізді. 

Негізі Нұртас балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім соңғы уақытта "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргендерін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой. Анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын", - деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова былтыр қарашада кенже ұлы Заңғарды екінші рет үйлендіріп, дүркіретіп тойын жасады. 

Гүлзира Айдарбекова келіндеріне неге хабарласпай жүргенін түсіндірді
Өзгелердің жаңалығы