4 мамырда Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот үкімін судья Кемеңгер Имашев оқыды.
Сатыбалды Гүлмира Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сатыбалды Гүлмира 28-баптың 3-бөлігімен және 125-бабының 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде, Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде, аса ауыр емес жазаны қолдану арқылы, мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соңында Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Кемеңгер Имашев.
Сонымен қатар Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.
Еске сала кетсек, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.
Сонымен қатар прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға қамауды сұраған болатын.