Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот тергеуі аяқталды

19 Тамыз 2024, 16:58
3903
Бөлісу:
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот тергеуі аяқталды
Фото: скриншот

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Енді сот жарыссөздері өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Мартпек Кәкімжанова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша 17 сот отырысы өткен. Сондай-ақ тараптар мәлімдеген барлық куәгерден жауап алынған, іс материалдары жария етілген.

Дәлелдемелердің жиынтығы кеңесу бөлмесінде соттың айыпталушыға тағылып отырған айыптың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы қорытынды жасауы үшін жеткілікті. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот тергеуін аяқтау және сот жарыссөздерін тағайындау мүмкіндігі туралы қорытындыға келді. ҚПК-нің 22 және 344-баптарының негізінде сот қаралып отырған іс бойынша сот тергеуін аяқтауға шешім қабылдады, – деді судья.

Судья Мартпек Кәкімжанов сот жарыссөзі 22 тамызда сағат 10.00-де басталатынын атап өтті.

Сот отырысы барысында қорғаушы тарап сот тергеуін жалғастыруды сұрады. Алайда судья айыптаушы тарап пен қорғаушы тараптан іс бойынша сотталушыларды айыптайтын да, ақтайтын да дәлелдемелер жиынтығы ұсынылғанын айтты.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыдан мемлекетке қайтарылып алынған зәулім сарай кімге берілгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы