Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Тергеулер жалғасуда.Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.