Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Гуам аралының жағалауында 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

29 Мамыр 2025, 01:29
1522
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Тынық мұхитындағы Гуам аралының жағалауында магнитудасы 5,8 балл болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық оқиға UTC уақытымен 13:34-те (Мәскеу уақытымен 16:34-те) тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Инараджан елді мекенінен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 51 шақырым жерде, ал ошағы 59 км тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін, 26 мамырда, Чилидің Тарапака қаласында да магнитудасы 5,7 балл болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Ол 227 мың тұрғыны бар Икике қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 км жерде, 113 км тереңдікте болған.

Өзгелердің жаңалығы