Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертеңгі германиялық Винченцо Гуальтиеримен болатын жекпе-жекке дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық WBO чемпионы Instagram-дағы парақшасында арнайы жазба жариялады.
Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз! Бүгін қарсыласқа ұлтымнының тектілігін, арынын, қасқыр мінезін көрсетуге тырыстым! Қарсылас біздің дауылды сезді. Ол біздің мақсаттың айқын екенін аңғарды. Қазақ стиілінің жалыны мен ұшқынын байқады. Оның көзінде тек сенімсіздік, уайым мен қобалжуды ғана байқадым. Қазақ стилі тағы да тарих жазуға дайын! Қолдауларыңызға рахмет, тілеулес ағайын, -деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Салмақ өлшеу нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы-72,257 келі, ал Винченцо Гуальтиери - 72,347 келі болды.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.