Грузияның жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетінің бұрыштары ашылды

28 Шілде 2023, 04:28
834
Бөлісу:
Грузияның жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетінің бұрыштары ашылды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің кітапханасына, сондай-ақ Сухуми мемлекеттік университетінің жанындағы Абай кабинетіне Қазақстан туралы кітаптар сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Грузин жұртшылығын қазақ мәдениеті мен әдебиетімен кеңінен таныстыру мақсатында қазақ классиктерінің әдеби шығармалары, ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша еңбектері, өнер мен дәстүрлерге арналған альбомдар, энциклопедиялар және белгілі қазақстандық авторлардың көркем кітаптары табыс етілді.

Бұл іс-шара Грузияның шығармашылық зиялылары мен кітап сүйер қауымның қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты, Елшілік кітапханасы да қазақ, грузин, ағылшын тілдерінде шыққан дипломатия, саясат, экономика туралы кітаптармен, сондай-ақ классикалық және заманауи әдебиеттермен толығымен жаңартылды. Бұл кітапхананың пайдаланушыларына Қазақстанның тарихы, өркениеті, халық дәстүрлері, сәулеті, өнері және мәдениеті саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Елшілік кітаптарды табыстау акциясын жалғастырып, оны биыл Қазақстанда және шет елдерде кеңінен аталып өтіп жатқан қыпшақ даласынан шыққан, әрі аты аңызға айналған билеуші Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және көрнекті қазақстандық қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтың 80 жылдық мерейтойларын насихаттауға арналады.

Өзгелердің жаңалығы