Грузияның тұтқындалған экс-президенті аштық жариялады

2 Қазан 2021, 09:40
7752
Бөлісу:
Грузияның тұтқындалған экс-президенті аштық жариялады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда ұсталған елдің экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады.

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі өкіл Нино Ломджария хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Оның сөзінше, елдің бұрынғы басшысы оған тағылған айыппен келіспейді және өзін саяси тұтқын деп есептейді.

Саакашвили оны өзінің үйінде тұтқындағанын айтты. Ол еш қарсылық көрсетпеді, сәйкесінше полиция да күш қолданбады. Тұтқындау барысында ол үйінде жалғыз болды. Полицияға есікті өзі ашты, - деді омбудсмен.
Сондай-ақ Нино Ломджария тұтқындалған адам Украина азаматы ретінде консулмен кездесуді талап еткенін, бұдан бөлек Грузияға қалай келгенін айтып беруден бас тартқанын мәлімдеді.

Бұл ретте Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Имеди телеарнасы эфирінде Үкімет экс-президенттің елге оралғанын біліп отырғанын. Алайда оны тұтқындау бойынша арнайы операцияны жүзеге асыру үшін келгенін жоққа шығарғандарын айтты.

Оның арандатушылығының салдары текетіреске ұласып кетер еді. Біз арандатушылық пен елдегі жаппай тәртіпсіздікті алдын алдық деп сеніммен айта аламыз, - деді Үкімет басшысы.

Қазір Саакашвили Тбилиси маңындағы Руставская абақтысында.

Еске салсақ, Саакашвили Грузияны 2004-2013 жылдары басқарды. Кейіннен елден қашып кетті. Оны банкир Сандро Гиргвлианидің өліміне және депутат Валерий Гелашвилиді соққыға жығуға қатысты қылмыстық істер бойынша сырттай соттады. Бірінші іс бойынша оған үш жылға, ал екінші іс бойынша алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Бұдан бөлек экс-президентке қатысты 2007 жылы 7 қарашадағы оппозициялық митингті тарату, Имеди телеарнасын ойрандату, бюджет қаражатын ысырап ету істері бойынша да қылмыстық істер қаралған болатын. Дегенмен бұл істер бойынша әлі сот шешімі шықпады.

Грузияның бұрынғы лидері Украинадағы биліктің ауысуын белсенді түрде қолдады. 2015 жылы ол Одесса облыстық мемлекеттік әкімшіліктің төрағасы болып сайланды. Кейіннен сол кездегі президент Петр Порошенконың кеңесшісі болды. Елдің азаматтығын алды.

2016 жылы қызметтерін босатып, Порошенкоға қарсы шықты. Сөйтіп 2018 жылы оны депортациялады. Саакашвили біраз уақыт Нидерландыда тұрды. Сосын Владимир Зеленский президент болып тағайындалғаннан кейін Украинаға қайта оралды.

Өзгелердің жаңалығы