Грузияда күннің күрт жылынуы сезіледі

20 Тамыз 2023, 01:17
819
Бөлісу:
Грузияда күннің күрт жылынуы сезіледі
Фото: rancholaorquidea.com

Грузияда 1 айдың ішінде жоғары температура байқалды. Дәрігерлер ауа-райының қолайсыздығына назар аударып, күнен сақтануды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылу мен жоғары температура жаз бойы сақталған. Атап айтқанда, Тбилисиде термометрлердің бағандары +40 градусқа дейін көтерілген, жауын-шашын болмаған. 

Синоптиктердің айтуынша, бұрын Грузияда мұндай температура тіркелген, бірақ оның ұзақтығы қысқа мерзімді болған.

Соңғы аптада температура 1-2 градусқа төмендеді. Тауларда температура 37-38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Келесі аптада біз температураның 34-35 градусқа дейін төмендеуін күтеміз. Сондай-ақ жаңбыр жауады деп күтілуде. Қыркүйек айында теңіз жағалауында температура әдеттегіден 1-2 градусқа жоғары болады. Жаңбыр нормадан аз болады,- дейді Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің болжау бөлімінің бастығы Хатуна Кокосадзе.

Қыркүйек туристер үшін қолайлы уақыт болмақ. Дәрігерлер тұрғындар мен қонақтарға күндіз далаға шықпауға, сондай-ақ қарттар мен балаларға көбірек көңіл бөлуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы