ГРЕКО бағалау тобының мемлекеттік орган өкілдерімен кездесулері өтуде

11 Қыркүйек 2024, 13:18
591
Бөлісу:
ГРЕКО бағалау тобының мемлекеттік орган өкілдерімен кездесулері өтуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ГРЕКО бағалау тобының мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) Еуропа Кеңесімен өзара әрекеттесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап ГРЕКО-ның Орталық Азиядағы жалғыз өкілі болып табылады.

Алдыңғы бағалау 2021 жылы 1 және 2 раундтарды біріктіре отырып жүргізілді. Ұсынымдардың орындалуы туралы есеп 2023 жылдың 6 қыркүйегінде Еуропа Кеңесінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сайттарында жарияланды.

3-ші раунд саяси партияларды қаржыландырудың ашықтығына және сыбайлас жеморлық әрекеттерін криминализациялауға арналған мәселелерге арналады.

10-13 қыркүйек аралығында сарапшылар Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, судьялар корпусының, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми қоғамдастықтың өкілдерімен кездеседі.

ГРЕКО-ның бағалау тобына Франция, Испания, Хорватия, Румынияның өкілдері, сондай-ақ ГРЕКО Хатшылығының жауапты орынбасары Лаура Санз-Левиа бастаған қызметкерлер кірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы А. Жұмағали мониторингтік топпен кездесуде Қазақстанның ГРЕКО-ға мүшелігінің маңыздылығын атап өтіп, сарапшылардың елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін нығайту мен дамытуға қосқан үлесін айтты.

Бағалау тобы визит аяқталғаннан кейін Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын және оны қолдану практикасын жетілдіру жөнінде есеп пен тиісті ұсынымдар дайындайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы