Грекиядағы орман өртінен 1200-ден астам ғимаратқа зақым келді

Бүгiн, 06:20
170
Бөлісу:
Грекиядағы орман өртінен 1200-ден астам ғимаратқа зақым келді
Фото: ашық дереккөзден

Грекияның Аттика қаласында 11 тамызда басталған күшті табиғи өрт 1238 ғимаратқа зақым келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ еуропалық «Коперник» картографиялық қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Грекия билігі бастапқыда "100-ден аз" зақымданған ғимарат туралы хабарлаған, бірақ қазір 200-ге жуық ғимарат туралы айтып жатыр.

Ел астанасы Аттика аймағының шығыс бөлігіндегі Барнаба ауылындағы өрт 11 тамызда басталып, жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен қатты желдің салдарынан тез тарады. Өрт 13 тамызда ғана сөндірілді.

Көптеген үйлер мен кәсіпорындар өртенді. Билік өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге уәде берді.

Өзгелердің жаңалығы