Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Грекия аумағында украиналық әуе компаниясына тиесілі АН-12 ұшағы құлады.
Грекия азаматтық авиациясы жүк ұшағының Сербиядан Йорданияға бет алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
БАҚ-тың хабарлауынша, 12 тонна жарылғыш тиелген ұшақта 8 адам болған.
Дегенмен жергілікті әкімдік нақты мәліметті жариялаған жоқ. Адам денсаулығына қауіп төндіретін улы заттардың бар-жоғына әлі ешкім көз жеткізбеді. Тұрғындар апаттан кейін екі сағатқа ұласқан жарылыстарды естігенін айтады. Ұшақ құлаған маңға жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарына есік-терезені мықтап жауып, сыртқа шықпауға әрі маска тағуға кеңес берілді.
Ұшақ құлаған маңда жүрген едім, бірақ өрт сөндірушілер мен полиция мені ол жаққа жақытдатпады. Жарылыс жалғасып жатқандықтан, қауіпті болды, - деді Палеохори тұрғыны Джордж Киссас.