Грекияда Олимпиада алауы жағылды

13 Наурыз 2020, 04:34
1863
Бөлісу:
Грекияда Олимпиада алауы жағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияның Олимп тауы Токиода өтетін Олимпиада ойындары-2020 алауын жағу салтанаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Салтанатты шараға Грекия президенті Прокопис Павлопулос, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, сондай-ақ "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.

Рәсім ежелгі Гера храмында өтті.

Сценарий бойынша алауды жоғарғы абыз әйел рөліндегі грек актри­сасы Ксанти Георгиу жақты.

Грекиядағы эстафета бір аптаға жалғасады. Содан кейін 19 наурыз күні алау Олимпиада-2020 ұйымдастырушыларына тапсырылады.

Еске сала кетсек , бұған дейін Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши коронавирусқа байланысты: "Жазғы Олимпиада ойындарын тоқтатқаннан көрі бір немесе екі жылдан кейін өткізген дұрыс", – деген пікір білдірген еді.

Айта кеткен жөн, Токиода Олимпиада шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.

Өзгелердің жаңалығы