Грекияда кеме апатынан қаза тапқандар саны 80-ге жетті

15 Маусым 2023, 21:32
737
Бөлісу:
Грекияда кеме апатынан қаза тапқандар саны 80-ге жетті
Фото: © AFP 2023 / Daren Mauree / L'Express Maurice

Грекия жағалауында кеме апатынан қаза болғандар саны 80-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ион теңізінде жүздеген заңсыз мигрант мінген балықшылар кемесі суға кеткенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Жолаушылардың нақты саны әлі белгісіз. Аман қалғандардың айтуынша, бортта 400-700 адам отырған болуы мүмкін.

Қазір ауқымды іздеу операциясы жүріп жатыр. Судан жүзден астам адам құтқарылды.

Шектен тыс адам саны мінген кемені сейсенбі күні Frontex еуропалық агенттігі байқаған болатын. Сол кезде оның жағдайына күмән келтіріліп, оған Грекия жағалау күзетінің кемесі жіберілді. Бірақ, қайық экипажы көмектен бас тартып, Италия жағалауына баратынын мәлім еткен.

Сәрсенбі таңертең кеме аударылды. Құтқарушылардың айтуынша, тірі қалғандардың көп екенін айту қиын. Судан шығарылған жолаушылардың құтқару кеудешесі болмаған.

Өзгелердің жаңалығы