Грекия мен Черногорияға тікелей рейстер қайта ашылды

Air Astana әуекомпаниясы Грекияның Ираклионы мен Черногорияның Подгорицасына маусымдық рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 baq.kz 14 Мамыр 2024 2024, 00:51
14 Мамыр 2024 2024, 00:51
719
Фото: baq.kz

Air Astana әуекомпаниясы Грекияның Ираклионы мен Черногорияның Подгорицасына маусымдық рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейстер Алматыдан орындалады. Ираклионға аптасына 3 рет – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, Подгорицаға аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және сенбі күндері ұшуға болады.

Сондай-ақ Астанадан Подгорицаға дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері рейс ашылады.

Қазақстан азаматтарына Грецияға бару үшін Шенген визасы қажет екенін еске саламыз. Ал Черногория мен ҚР арасында 30 күнге дейін визасыз режим қабылданған.

Наверх