Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің Премьер-министрі Кириакос Мицотакистің айтуынша, жоба 1 шілдеде басталуы мүмкін.
Біз ЕО - ның басқа елдерін де бізден үлгі алуға шақырамыз, - деді саясаткер.
Малайзия үкіметі қоғамның барлық салаларына қатаң локдаунды енгізуге ниетті. Бұл шектеулер екі аптаға созылуы керек. Олардың мақсаты - елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, деп мәлімдеді Куала-Лумпурде.
Берлинде соңғы апталарда 2300-ге жуық үйсіз адам коронавирусқа қарсы егілді. Қала билігінің мәлімдеуінше, екпе қабылдаған үйі жоқ адамдардың көпшілігі үшін алғашқы вакцинациядан кейін инфекциядан толық қорғаныс деңгейін қамтамасыз ететін Johnsond & Johnson препараты қолданылған.
Жапония билігі 31 мамырдан 20 маусымға дейін Токионы қоса алғанда, тоғыз префектурада төтенше жағдай (ТЖ) режимініңмерзімін ұзартты. Бұл туралы инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі орталық штабтың қызметін үйлестіретін Жапонияның экономиканы қалпына келтіру жөніндегі министрі Ясутоси Нисимура хабарлады. Төтенше жағдай режимі тұрғындарға қажет болмаған жағдайда үйлерінен шығуға тыйым салады. Жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылды. Дүкендерде алкоголь сатуға тыйым салынады.