Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Шәміл Досбол жеңімпаз атанды

24 Маусым 2024, 18:03
350
Бөлісу:
Грек-рим күресінен  Азия чемпионатында Шәміл Досбол жеңімпаз атанды

Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жоғары нәтиже тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында белдескен ол турнир барысынды Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда өзбек балуанымен тең түсті. Алайда, соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді.

Одан бөлек, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медаль иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қолаға қол жеткізді.

Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы