Грант көлемі 20 миллион теңге. Министр конкурс қатысушыларына қолдау көрсететінін айтты

12 Қыркүйек 2022, 20:36
3120
Бөлісу:
Грант көлемі 20 миллион теңге. Министр конкурс қатысушыларына қолдау көрсететінін айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

QazInnovations агенттігімен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп ұйымдастырған екі гранттық бағдарламаларға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жазбам арқылы QazInnovations агенттігімен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп ұйымдастырған екі гранттық бағдарламаларға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталуға жақын екенін естеріңізге салғым келеді. 15 қыркүйекте технологияларды коммерцияландыру байқауына өтінімдерді қабылдау аяқталады. Грант көлемі 20 миллион теңге. Ал 20 қыркүйекте – «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға өтінімдерді қабылдау аяқталады. Мұндағы грант көлемі 100 миллион теңге, - дейді министр Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін 650 млн теңгеге дейінгі сомаға құзырет орталықтарын құруға өтінімдер қабылдануда.

Өтінімді электронды үкімет порталы арқылы беруге болады. Конкурс шарттарын сілтеме арқылы біле аласыздар. Бұл гранттық бағдарламалар не үшін қажет? Жаңа технологиялар арқылы өндірістің салалық мәселелерін шешуге, өндірістік процестерді жетілдіруге, саланы дамыту бойынша талдау және ұсыныстар әзірлеуге бағытталған құзырет орталықтарын құру үшін қажет, - деді ол.

Ол конкурс қатысушыларына барынша қолдау көрсетуге тырысатынын айтты.

Сондықтан біз үшін технологияларды коммерцияландыру сияқты маңызды саланы қалыптастыруға және дамытуға ғылым саласы өкілдерінің, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлердің қатысуы өте маңызды екенін атап өтеміз. Кәсіби мамандармен бірлескен жұмыстың арқасында нақты нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бұған дейін осындай бағдарламалар аясында Алматы желдеткіш зауыты, «Қазэлектромаш», Кентау трансформатор зауыты және өзге де кәсіпорындар қолдау тапты. Конкурс қатысушыларына барынша қолдау көрсетуге тырысамыз, олар +777562314 22 нөмірі бойынша немесе https://t.me/QazInnovations_chat telegram-чаты және @QazInnovations_bot telegram-боты арқылы толғандырған сұрақтарына жауап ала алады. Құзыреттілік орталықтарын құруға арналған конкурс бойынша ақпаратты +77771498036 телефоны арқылы білуге болады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы