Өркениетті елдерде 11 жыл бойы нашар оқыған балаларға грант берілмейді – депутат

13 Тамыз 2020, 19:38
2158
Бөлісу:
Өркениетті елдерде 11 жыл бойы нашар оқыған балаларға грант берілмейді – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында грант мәселесін көтерді. 

Қызылорда облысының бюджеті есебінен ЖОО 150 грант бөлініпті. Бұл жылына облыс бюджетіне 75 млн теңге салмақ салады деген сөз. Сырт қарағанда өте дұрыс. Осы грант арқылы тұрмысы төмен отбасылардың балалары бакалавр дәрежесі бойынша мамандық алуға мүмкіндік алады. Ол мамандықтың тізімінде білім, өнер, ауыл шаруашылық, техникалық, дәрігерлік бар екен, - деді депутат.

Депутат статистикаға да көңіл бөлді. 

Елімізде жыл сайын барлық мамандық бойынша ЖОО-ны 110 мың түлек бітереді. Оның ішінде 63 оқу орны жылына 25 мыңнан аса педагог, 7 оқу орны 3 мың дәрігер даярлап шығарады. Елде кадрдан тапшылық жоқ. Керісінше, көптеген мамандық бойынша он жылға жететін мамандар даярланды. Мәселе сол мамандардың сапалы дайындалуы мен өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуінде. Өзім аралап көзбен көрген ауылдарда, еліміз бойынша солай деп есептеймін. Ауылдық жерлерде дәрігер, ауыл шаруашылығы мамандары жетіспейді. Өйткені оларды материалдық жағынан (баспана,көтеріңкі қаржы) ынталандыру тетігі дұрыс қарастырылмаған. Осындай гранттарды керісінше оқу орындарын бітірген ауылдық жерде жұмыс істеймін деген мамандарға бұрсақ, анағұрлым тиімді болар еді. Өзімнің жеке пікірім, тегіне қарамастан, кімнің баласы болсын бәрібір ЖОО-ға білімді жеткіншек түсу керек. Орта мектепте он бір жыл бойы төмен білім алған балалар үшін грант беру өркениетті елдерде жоқ, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы