Grand Slam: Екі қазақ дзюдошысы қола алды

Асқар Нарқұлов пен Данияр Шамшаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

17 Маусым 2023 2023, 18:02
 Қазақстан дзюдо федерациясы 17 Маусым 2023 2023, 18:02
17 Маусым 2023 2023, 18:02
1044
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Асқар Нарқұлов пен Данияр Шамшаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада өтіп жатқан «Qazaqstan Barysy» Grand Slam турнирінде екі отандасымыз Асқар Нарқұлов пен Данияр Шамшаев қола жүлдегені жеңіп алды. Екі дзюдошымыз 73 келі салмақта сынға түскен еді. 23 жастағы Асқар Нарқұлов үшінші орын үшін таласта грузиялық Георгий Терашвилиді жеңді. Ал, Данияр Шамшаев отандасымыз Жансай Смағұловпен кездесті. Кедесуде Данияр Шамшаев вазари әдісімен жеңіске жетті.

Наверх