Grand Slam: Дзюдошы Ислам Бозбаев қола жүлдегер атанды

Ислам Бозбаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 Маусым 2023 2023, 19:28
АВТОР
 ҚР МСМ баспасөз қызметі 18 Маусым 2023 2023, 19:28
18 Маусым 2023 2023, 19:28
1241
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

Ислам Бозбаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шешуші кездесуде ол отандасымыз Бекарыс Садуақаспен күрескен болатын. Тартысты белдесуде Ислам иппон ұпайымен жеңіске жетіп, қола еншіледі. Ал Бекарыс Садуақас әлемдік додада бесінші орынға тұрақтады. Бүгінгі жарыста, ол төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңімпаз атанды. Ұлыбританиялық Рис Томсон, бахрейндік Зелимхан Башаев, Алжир спортшысы Мұстафа Боуамарды артта қалдырған ол, тек Гранд Слэмнің екідүркін чемпионы Тома Никифоровқа (Бельгия) есе жіберді.

Наверх