Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 146-ға жетті. Тергеушілер өртенген ғимараттарды қайта қарап шыққаннан кейін жаңа мүрделер табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Гонконг полициясының төтенше жағдайлардағы құрбандарды анықтау бөлімі Ван Фук сот кешеніндегі ғимараттарды мұқият тексеріп, пәтерлерден де, шатырлардан да мәйіттер тапқанын жексенбі күні офицер Чэн Ка-чун мәлімдеді, деп жазады The Guardian.
Чэннің айтуынша, қазірге дейін топ кешендегі жеті блоктың төртеуін тексеріп үлгерген.
Ал Гонконг полициясының қайғылы оқиғаларды тергеу бөлімі басшысы Цанг Шук-ин соңғы іздестіру кезінде тағы 30 адамның денесі табылғанын айтты. Оның ішінде өрт сөндірушілер бұрын анықтаған, бірақ таба алмаған 12 адамның мүрдесі де бар.
Цангтың мәліметінше, қазіргі таңда тағы 100 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында, 79 адам жарақат алған.
Еске салайық, Айта кетейік, Wang Fuk Court кешеніндегі өрт Гонконг тарихында тұрғын үйдегі ең көп адам өліміне әкелген оқиға болды. Тұрғын үй кешеніндегі шамамен төрт мың тұрғынның өміріне қатер төнді. Өрт бамбук дан сөрелерге косметикалық жөндеу жүргізу үшін орнатылған құрылыс қаңқаларына темекі шалынып кетуінен тұтанған болуы мүмкін.