Гонконг тұрғындары бомба қаупінен жаппай эвакуацияланды

Гонконгтің Куорри-Бей ауданындағы құрылыс алаңынан ұзындығы 1,5 метр, салмағы шамамен 450 келілік америкалық бомба табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.

 Hong Kong Police handout, TVB 20 Қыркүйек 2025 2025, 20:45
20 Қыркүйек 2025 2025, 20:45
531
Фото: Hong Kong Police handout, TVB

Гонконгтің Куорри-Бей ауданындағы құрылыс алаңынан ұзындығы 1,5 метр, салмағы шамамен 450 келілік америкалық бомба табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бомбаны залалсыздандыру кезіндегі жоғары қауіпке байланысты шамамен 1900 үйден 6000-ға жуық адам эвакуацияланды.

Арнайы операция 19 қыркүйек кешінде басталып, келесі күні таңғы сағат 11:30-ға дейін жалғасты. Операция сәтті аяқталып, зардап шеккендер болған жоқ.

Еске сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гонконг жапон армиясының оккупациясында болған, ал АҚШ пен одақтастары қалаға әуе шабуылдарын жасаған. Сол себепті мұндай бомбалар аймақтан әлі күнге дейін табылып тұрады.

Наверх