Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс туралы танымал твиттер-аккаунт Boxing Kingdom орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Брэндон Адамс арасындағы жекпе-жек жақын арада ресми мәлімделетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«GGG — Брэндон Адамс жекпе-жегі осы аптада хабарланады. Жекпе-жек 8 маусымда өтеді», — деп жазылған твиттерде.Осыған дейін британдық сайт WorldBoxingNews.net Головкин Нью-Йоркта рингке қайта оралады деп жазды. Лос-Анджелес, Лас-Вегас және Сан-Антонио секілді орындарда да өтуі мүмкін.
Алдағы жекпе-жек Головкин үшін үшжылдық келісімшартқа отырған DAZN сервисіндегі дебюті болмақ.