Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

9 Қаңтар 2020, 23:19
45033
Бөлісу:
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО), IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, өзінің келесі кездесуін поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) 28 наурыз күні өткізеді, деп хабарлайды BoxingScene порталы.

Дереккөздің ақпараты бойынша, 37 жастағы Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) өтеді. Жекпе-жек 28 наурызға жоспарланған.

Тағы өзге де мәліметтер бойынша, GGG рингке сәуір немесе мамыр айында оралады.

Айта кетейік, Головкин бүгінде келесі жекпе-жегіне қызу дайындықты бастап кетті.
Өзгелердің жаңалығы