Головкин жарақат алып қалды

19 Ақпан 2020, 09:10
1489
Бөлісу:
Головкин жарақат алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин жарақатына байланысты IBF титулы үшін Камил Шереметамен жоспарланған жекпе-жекті тағы да кейінге қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарақат анықталған соң, GGG командасы IBF-тен титулдық жекпе-жекті кейінге қалдыруды өтінді. Кездесу 2020 жылдың мамыр-маусым айларына ауыстырылуы мүмкін.

DAZN ағынды сервисінің өкілдері жекпе-жекті басқа уақытқа ауысатыны жайлы ақпаратты растады. Бірақ Том Леффлер түсінік беруден бас тартты.

Еске салайық, Головкин мен Шеремета бастапқы жоспар бойынша ақпан айында шаршы алаңда былғары қолғап түйістіруі керек еді. Кейін ол наурыз айына ауысты. Белгісіз себептермен жекпе-жек наурыз айында емес, сәуірде өтеді деп жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы