Головкин спорттық мансабын аяқтауға қатысты ойын айтты

13 Шілде 2022, 14:04
1096
Бөлісу:
Головкин спорттық мансабын аяқтауға қатысты  ойын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан өкілі Геннадий Головкин спорттық мансабын аяқтау туралы ойымен бөлісті. 

Головкиннің айтуынша, ол бұл мәселеде өз тәнін тыңдайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Маған айту қиын. Мен өзім ең жақсы боксты ең жоғары деңгейде көрсете алатынымды сезінбейінше жалғастырамын. Тәнім тоқта демейінше  жалғастырамын. Менің де 160 фунт салмақта үш белбеуім бар, сондықтан алдағы жекпе-жекте жеңіске жету немесе жеңілу менің спорттық мансабымды  аяқтау туралы шешіміме әсер етпейді. Бұл өзіңізге адал болу, сіздің тәніңіз және ақыл-ойыңызды тыңдау және сезінуде. Егер оны сезсең,  тоқтайсың, — деп келтіреді Golovkin BoxingScene.

Өзгелердің жаңалығы