Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болатын айқасқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Көптен күткен жекпе-жек аптасы ресми түрде басталды. Дайынбыз, – деп жазды GGG өзінің Instagram-тағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Мурата кездесуі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) ұйымдастырылады.
Боксшылар орта салмақ дәрежесінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарды сарапқа салады.