Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістандағы Гоа штатының билігі тұрғындардың сақтық шараларын ұстанбауына байланысты бейсенбіден бастап үш күндік оқшаулау режимін енгізді, деп хабарлады interfax.ru.
Біз маска тақпағаны үшін 40 мыңнан астам адамға айыппұл салдық, сонымен қатар, ереже бұзып ұсталғандары қаншама, бірақ адамдар сонда да тоқтар емес, - деді штаттың бас министрі Прамод Савант.
Ол адамдардың көпшілігі көңіл көтеру орындарына баруды жалғастырып келетінін, халықтың саналық деңгейі өте төмен екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, "адамдар заң тілін ғана түсінеді". Оқшаулаудан бөлек, штатта 10 тамызға дейін коменданттық сағат енгізілді.
Сонымен қатар, бейсенбіде Непалда орналасқан халқының саны 125 млн адамды құрайтын Бихар штатында 15 күндік оқшаулау режимі күшіне енді. Барлық мектеп, клуб, храм, коммерциялық кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Тек құрылыс және ауыл шаруашылығы секторлары жұмысын жалғастыруда. Дегенмен, БАҚ-та жазылғандай, штаттың әкімшілік орталығы көшелерінде қозғалыс әдеттегідей. Сондай-ақ, бұған дейін 13 млн халқы бар Бенгалуру қаласы да жеті күндік оқшаулауға кеткен болатын.
Үндістанда маусым айының басында шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін бірқатар штат билігі шектеуді қайтаруға мәжбүр болды, себебі елдегі коронавирус жағдайларының саны 1 млн-ға жақындап келеді, ал вирус жұқтырғандар арасында қаза болғандар саны 25 мың адамға жақындап қалды.
Көрші Пәкістан мен Бангладеште 260 мың және 195 мың вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Жалпы алғанда, Оңтүстік Азияда 1,4 млн коронавирус жағдайы анықталып, оның 33 мыңы қаза болған.