Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

5 Шілде 2022, 10:53
2685
Бөлісу:
Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі
PHOTO
Фото: автордан

ҚХР Бейжің, BAQ.KZ тілшісі. Бейжіңде журналистер Қытай дәстүрлі кескіндемесінен шеберлік сабағына қатысты. Шетелдік журналистер дәстүрлі өнердің қыр-сыры туралы мәлімет алып, өздерін бір сәтке суретші сезініп көрді.

Бейжіңде Еуразияның Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысушыларға Қытайдың дәстүрлі кескіндеме өнерінен шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Кескіндеме сабағына Африка және Азия елдерінен келген журналистер қатысты.

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Шеберлік сабағы Ұлттық бірінші дәрежелі суретші Юй Дангциннің жетекшілігімен өтті. Ол қатысушыларға алдымен кескіндеме жайында мәлімет беріп, оның қандай өнер екенін түсіндіріп өтті.

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Оның сөзінше, Қытай кескіндемесі ерте заманнан басталған. Мемлекеттің өркендеуі де осы кескіндемемен тығыз байланысты. 

Алдарыңызға акварель, қылқалам және күріштен жасалған қағаз қойылған. Осы заттарды қолданып, сурет саламыз. Сондай-ақ мұқият қарасаңыздар алдарыңызға 2 қылқалам қойылған. Олардың қылы әртүрлі. Ал қолмен ұстайтын бөлігі бамбуктен жасалған. Дүкендерге барсаңыз, мұндай қылқаламдарды жиі кездестіруге болады, - дейді суретші.

Қытай кескіндемесі деген не?

Қытай кескіндемесі – әлемдегі ерекше өнерлердің бірі. Өзіндік ерекше тарихы, дәстүрі, заңдар  және бейнелеу техникасы бар. Оны үйреніп алып, кейін жетілдіріп отыруға болады. 

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Дәстүрлі қытай кескіндемесі – бұл күріш қағазындағы сурет ғана емес. Ол философиялық және мәдени, әлеуметтік, діни, этикалық функцияларды, болмыс философиясын біріктірді. Шығармалардың сюжеті барынша шынайы болғанымен, дәстүрлі мектептердегі қытай суретшілері пейзаждарды, заттарды немесе құбылыстарды суреттемейді. Олар заттардың рухы мен мәнін, табиғатын бейнелейді. Бұл – дәстүрлі қытай шеберлерінің картиналарының ерекше белгілері. Ал кескіндеме жұмысының негізгі ерекшелігі - Инь мен Ян энергияларының үйлесімі, суреттің символизмі мен рухани мағынасы, каллиграфиямен байланысы.

Кескіндемеде қытай суретшілері пейзаж, суды, тауларды, құстарды, жануарларды, гүлдерді, портреттерді бейнелейтін жанрларды жақсы көреді.

Қытайдың бейнелеу өнерінің екі стилі бар. Олар гунби және се-и.

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Шеберлік сабағында шетелдік журналистер алдымен өрік ағашын бейнеледі. Олар әуелі қылқаламмен ағаштың бұтақтарын қара бояумен сызып алды. Кейін гүлдерін бояды. 

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Сабақтың бірінші бөлігінде қатысушылар Қытайдың ұлттық байлығы саналатын «панданың» да бейнесін салды. 

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Бірінші кезекте олар күріштен жасалған қағазға панданың көзін сызды. 

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Бүгін қызықты шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Мектеп бітіргелі қолымызға қылқалам ұстамап едік. Шеберлік сабағында сурет салу қабілетімізді тексеріп көрдік. Бізге қылқалам, бояу, қағаз берді. Оны пайдаланып біз гүлді ағаш салдық, одан кейін панданы да салып көрдік. Ал сабақтың екінші бөлігінде дайын желпуішке сурет салдық. Бір қарағанда сурет салу оңай болып көрінгенімен, оның өзінің техникасы бар екенін білдік. Сурет сызу хобби не өнер ғана емес, миды демалдыратын ерекше құрал екенін түсіндім. Себебі сурет сызып отырғанда бар көңілің, ойың тек суретте болады, - дейді Грузиядан келген әріптесіміз.

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Айта кетейік, Қытай кескіндемесі әлемдегі үздіксіз жалғасып келе жатқан ежелгі көркем дәстүрлердің бірі. Дәстүрлі стильде кескіндеме бүгінде қытай тілінде белгілі го-хуа ( guóhuà) деп аталады.

Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі

Кескіндеменің негізгі материалы ретінде ортағасырлық қытайлар жібек пен қағазды пайдаланды. Жібекке түрлі түсті минералды бояулармен, ал қағазға қара сиямен жазу дәстүрге айналған.

Өзгелердің жаңалығы