Глубокое ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Бұл баспаналар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алтайньюс жазды.
Осы мақсаттағы жұмыстарға биыл республикалық және облыстық бюджеттен 310 миллион теңге бөлінеді. Мұның 170 миллионы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған қос пәтерлі бес тұрғын үйді сатып алуға жұмсалады. Жоба 2023 жылы да жүзеге асады, – деді аудан әкімі Эльдар Тұмашинов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің сөзіне сүйенсек, биыл Глубокое ауданындағы 31 елді мекенде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жөндеу, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы даму жоспарларына сәйкес 120-дан астам жобаны іске асыруға бюджеттен 2,9 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінуі тиіс.