Ғиният Ыстамбұлда бірқатар маңызды кездесулер өткізді

1 Қараша 2022, 14:56
1048
Бөлісу:
Ғиният Ыстамбұлда  бірқатар маңызды кездесулер өткізді
PHOTO

Ғиният Ыстамбұлда өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресі аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конгресс барысында Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Түркия Республикасының экс-Премьер-Министрі, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым мырзамен, түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен инвестицияларды тарту, медицина кадрларының біліктілігін арттыру, ғылыми-практикалық және техникалық-консультативтік аспектілерде тәжірибе және жетістіктермен алмасуды қоса алғанда, денсаулық сақтау мәселелері бойынша әріптестікті жандандыру бойынша кездесті.

Ғиният Ыстамбұлда  бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Министр Ажар Ғиният Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мырзамен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, форумды ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін түрік тарапына алғысын білдірді.

 Біз денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығына ерекше мән береміз және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркия Республикасы Үкіметінің қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. 

Ғиният Ыстамбұлда  бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Ол жоғары деңгейде қол қойылған келісімдер мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамытуға, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Ғиният Ыстамбұлда  бірқатар маңызды кездесулер өткізді

 Сондай-ақ, А.Ғиният Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Теймур Юсиф оглу Мұсаевпен, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Бекзод Мұсаевпен, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Гүлнара Баатыровамен кездесулер өткізді.

Ғиният Ыстамбұлда  бірқатар маңызды кездесулер өткізді

 Кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы алғысын білдіріп, көпжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. 

Денсаулық сақтау саласында ақпараттық технологияларды енгізуде, дәрі-дәрмек сатып алуда, МСАК, жедел жәрдемде консультациялық көмек көрсету бойынша ынтымақтастықты жандандыруға дайынбыз. Өткен жылы әріптестеріңіз Қазақстандағы электрондық денсаулық сақтау және т.б. жетістіктерімен танысты, - деді кездесу барысында А. Ғиният.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Түркияның «Атабай», «Нобель», «Абди Ибрахим» сынды ірі фармацевтикалық компанияларының басшыларымен Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіру бойынша бұрын қабылданған келісімдердің орындалу аспектілерін талқылады. 

Ғиният Ыстамбұлда  бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Нәтижесінде халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібінің өсуін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы