Ғиният Қазақстандағы фарминдустрия дамуының оң динамикасын атап өтті

26 Қазан 2022, 17:44
910
Бөлісу:
Ғиният Қазақстандағы фарминдустрия дамуының оң динамикасын атап өтті
PHOTO

Бүгін елордада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен «GLOBAL PHARM» II Халықаралық фармацевтикалық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форумға ДДҰ, ЮНИСЕФ, қоғамдық медициналық ұйымдар мен қауымдастықтардың, Халықаралық фармацевтикалық компаниялардың, ҚР және ТМД-ның басқа да елдерінің танымал фармацевтикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысады.

Ғиният Қазақстандағы фарминдустрия дамуының оң динамикасын атап өтті

 Форум «Astana Zdorovie – 2022» Денсаулық сақтау» ХІХ Қазақстандық халықаралық көрмесінің ашылуымен басталды. Сонымен, форумның дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне және фармацевтикалық нарықтың тұрақтылығын, дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктеріне арналған стратегиялық сессиясының басында министр Ажар Ғиният 2022 жылдың 1 жартыжылдығында елдің фармацевтика саласы 4,9%-ға өскенін, бұл ақшалай баламада 84 млрд. теңгені құрайтынын хабарлады. 

Ғиният Қазақстандағы фарминдустрия дамуының оң динамикасын атап өтті

Сессияға қатысушылар жаһандық фармацевтикалық нарықтың үрдістерін, жаңа экономикалық шындықтардың фармацевтикалық өнеркәсіп ландшафтына әсері мәселелерін, денсаулық сақтаудың дамуын болжаудың жаңа тәсілдерін талқылады, сондай-ақ халықаралық сарапшылар фармацевтика нарығындағы әлемдік трендтер туралы пікірлерімен бөлісті. 

Ғиният Қазақстандағы фарминдустрия дамуының оң динамикасын атап өтті

Форум алаңдарында тақырыптық сессиялар күтілуде, онда созылмалы инфекциялық ауруларды басқару, пациенттердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі, дербестендірілген медицинаны дамыту, Қазақстанның клиникалық зерттеулердегі әлеуетін дамыту, сондай-ақ балалар денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелері, атап айтқанда иммундау және орфандық аурулар сияқты маңызды мәселелер талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы