Гимнастикаға қызыққандар саны артты – Нариман Құрбанов

Бөлісу:
Гимнастикаға қызыққандар саны артты – Нариман Құрбанов
PHOTO
Фото: автордан

Париж Олимпиадасына аттанған қазақстандық спортшылардың тағы бір легі елге оралды. Оларды салтанатты түрде жанкүйерлер мен туған-туыстары қарсы алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов медаль алғанан кейін гимнастикаға қызғушылық танытқандардың қатары артқанын атап өтті.

Гимнастикаға қызыққандар саны артты – Нариман Құрбанов

Олимпиадаға жолдама алған уақыттан бастап дайындықты арттырды. Медаль алуға үміт болды. Ең басты қарсыласым нидерландылық спортшы болды. Қарсыластарымның барлығы да осал емес деп айтар едім. Елімізде гимнастикалық спорт саласы қарқынды дамып келеді. Жеңіп алған медалімізден кейін жас спортшыларға серпін берілді. Менің жекеме де жазып, мотивация алғандарын айтып жатыр. Әлеуметтік желілерде де ата-аналар балаларын осы спорт түріне бергісі келетінін айтып жатыр. Бұл мен үшін қуаныш. Спорттық гимнастикаға халқымыздың назарын аудартып жатқаныма қуанамын, - деді спортшы.

Гимнастикаға қызыққандар саны артты – Нариман Құрбанов

Нариман Құрбанов спорттық мансабын әрі қарай жалғастырып, келесі олимпиада ойындарында алтын алуға уәде берді.

Спорттық мансабым енді ғана басталып жатыр, әлі де елдегі және әлемдегі жарыстарға қатысып, еліміздің көк туын көкте желбіретемін деген сенімдемін. Алдағы уақытта болатын олимпиада ойындарында алтын алуды мақсат етіп отырмын,- деді гимнаст Нариман Құрбанов.

Гимнастикаға қызыққандар саны артты – Нариман Құрбанов

Еске салайық, Париж Олимпиадасында қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның гимнастикадан олимпиада ойындарында алған ең алғашқы медалі.

Өзгелердің жаңалығы