Гимнаст Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына екінші орынмен өтті

Бүгiн, 06:42
173
Бөлісу:
Гимнаст Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына екінші орынмен өтті
Фото: olympic.kz

Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті.

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы