Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ғимарат тозған, кадр жоқ: Алғашқы медициналық көмек саласындағы проблемалар қандай?

10 Қаңтар 2023, 11:59
1679
Бөлісу:

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрліктің қорытынды алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы проблемаларды атады.

Медициналық санитариялық алғашқы көмек – бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған негізгі қызмет. Сектордағы негізгі проблемалар – нашар материалдық-техникалық жабдықтау, ғимараттардың тозуы және медицина кадрларымен жеткіліксіздігі және емханалардағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде біз медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдап, жүзеге асырудамыз, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол қандай жұмыстар атқарылғанына тоқталды.

Көмек көрсету ережесінің және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандарттарының жобасы дайындалды, жалпы практикалық дәрігерлердің жүктемелері төмендеді. Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Ауыл тұрғындарының скринингтік тексеруден өту тәсілдері қайта қарастырылды, - деді Ажар Ғиният. 

Белгілі болғандай, ел аумағында 5 695 медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымы жұмыс істейді. Оның 501-і – ауылда болса, 5 194 – қалада орналасқан. 

Өзгелердің жаңалығы