Қазақстанның соңғы жаңалықтары

GGG Том Леффлермен серіктестікті тоқтатты

3 Қаңтар 2019, 14:46
8044
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Геннадий Головкин промоутері Том Леффлермен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы танымал журналист және ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль Твиттердегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Sports.kz.

Қолданушылардың бірі Рафаэльден GGG-дің неліктен жыл соңына дейін телесеріктес таппағанын сұрады. 

«Ол мұны істемегені анық. Леффлер жыл соңына дейін телесеріктес таңдаймын деген еді, енді Головкин онымен бірге жұмыс істемейді», - деп жауап берді шолушы. 

Еске салайық, 2018 жылдың соңында Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр да Геннадийдің Леффлердің қызметінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы